«ДОНИ»   балабақшасы   2016 жылы 04 сәуірде іске қосылды

Балабақша 6 топқа ұйымдастырылған. Сыйымдылығы  жағынан 132 балаға арналған. Барлық топтарда ұйымдастырылған оқу қызметі қазақ тілінде жүреді.

Материалдық базасы өте жоғары деңгейде, барлық топ ойын бөлмесі,  жатын бөлмелері, керек жабдықтармен жабдықталған.  Ойын алаңында көлеңкелі шатырлармен, құмсалғыштар және ойыншықтар орнатылған.

25 қызметкер жұмыс жасайды, оның 12  педагог,13 кіші  қызметкер.

Музыкалық зал,  спорт залы, медициналық кабинет бар.Логопед  және хореография қызметтері ұсынылған.