"Үміт" сәбилер үйіне жаңа жыл қарсаңында барған болатынбыз, жақсылық жасауға атсалысқан әрбір жанға, соның ішінде "Дони" балабақшасының құрылтайшысы Сейделлаев Әбен Айкелұлына қолдау білдіргені үшін, балабақша меңгерушісі Магзомова Лаура Кдргалиевнаға бастамамызды қолдағаны үшін, балабақша қызметкерлеріне жақсылыққа ат салысып өз үлестерін қосқаны үшін сонымен қатар әрбір баланың ата -аналарына жақсылыққа жарыса қатысқаны үшін алғыс білдіреміз! Кішкентай ғана сәбилерге жақсылық жасаймыз деген ниетімізді қолдаған әрбір жанға алғыс айтамыз! Жақсылық жасаудан шаршамайық! Жақсылық жасауда жарысып, ауызбіршілігімізді арттырайық! "Үміт" сәбилер үйіне 58000тг қаражат сонымен қатар жаңа туған сәбилерге арналған жаңа киімдер (8дана конверттер, распошонкалар, қалың жемпірлер және т.б.) жиналды. Қазіргі таңда сәбилер үйінде нақты 38 ата ана қамқорлығынсыз қалған тәрбиеленуші бар. Жаңа жыл қарсаңында жиналған қаражат есебінен балаларға ең қажетті, көп қолданысқа ие дәрі -дәрімек, балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтар, жеміс - жидектер сонымен қатар сәбилер үйінің қызметкерлеріне арналған шағын торт табысталды.