Бүгін 25.01.2024ж. күні балабақшамызда қалалық "Дарынды бала 2024" байқауының 1 кезеңі өтті. Тәрбиеленушілер "Дарынды бала " номинациясын иеленуі үшін 3 түрлі сынақтан өтті: 1. Визиттік карточка (балалар өздерін креативті таныстыруы тиіс) 2. Мен ақылды баламын! (Мектепке дейінгі білім беру стандартын меңгеру деңгейін тексеру, білім беру дағдыларыбойынша сұрақтарға жауап беру) 3. Үй тапсырмасы ( балалардың шығармашылық өнері ән,би, қойылым,т.б) "Дарынды бала" номинациясын иелену үшін өткен додада әр бала өз өнерлерін, білімдерін ортаға бар ынта -ықыластарымен салды. "Дарынды бала 2024" сайысының 1 кезеңінің қорытындысы бойынша "Дарынды бала" номинациясын "Дони" балабақшасының"Вундеркинд " МАД тобының тәрбиеленушісі Бекет Темірлан Рауан ұлы иеленді. Темірланды жеңісімен құттықтай отырып, алдағы қалалық байқауда жүлделі орын алуына тілектеспіз! Ал қалған қатысушыларға алғыс білдіреміз, алар белестеріңіз биік болсын, білімдеріңіз, ойларыңыз, шығармашылықтарыңыз ұштала берсін! Ал "Дони" балабақшасының ұжымына және тәрбиеленушілеріне қонақтарды күтіп алып, жоғары деңгейде көрсеткен қызметтері үшін алғыс білдіреміз!